ЖАСТАР ТӘРБИЕСІ - ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ

Қызылорда қаласында жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықты болдырмау, оны алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түнгі рейд жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді.

25 шілде күні өткен рейд барысында беймезгіл уақытта жүрген 10-ға жуық жасөспірім анықталып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңының 442 бабына сәйкес түсініктеме алынды.

Дегенмен, кейбір жасөспірімдердің ата-анасы қолхат жазудан, жауапкершілікті өзіне алудан бас тарту себебінен заң шеңберінде тәртіптік шарасы көрілмек.

Аталған рейд жұмыстары алдағы уақытта тұрақты әрі жүйелі жүргізілетін болады.