Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ЖАСАЛҒАН ЖҰМЫСҚА, ОРТАҚ МҮЛІККЕ ЖАУАПКЕРШІЛІКПЕН ҚАРАЙЫҚ!

Құрметті қала тұрғындары!


 Қызылорда қаласы әкімдігі тарапынан тұрғындарға және қала қонақтарына қолайлы орта қалыптастыру мақсатында қала аумағын қажетті инфрақұрылымдармен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар үздіксіз жүргізілуде. 

Қаламызды одан әрі  дамыту бағытында жылдан жылға жаңадан тұрғын аудандар пайда болып, зәулім ғимараттар, ойын сауық орталықтары салынып қаланың көркі мен сәулетіне үлес қосуда. 

Қала тұрғындарының сұраныстарына сәйкес қала көшелері абаттандырылып жаяу жүргінші жолдары салынуда. Аллеялар мен гүлзарлар қайта жаңғыртылуда, заманауи үлгідегі жарық шамдары мен су бұрқақтары   орнатылуда. Балаларға арналған жаңадан ойын спорт алаңдарының жобалары аяқталып кезең-кезеңімен ел игілігіне пайдалануға берілуде.

Бұл жұмыстардың барлығы Сізбен біздің тынымсыз еңбектерімізбен ортақ жетістіктеріміздің нәтижесі деп білеміз.        

Дегенменде, қала аумағындағы қоғамдық орындардағы қала тұрғындары үшін жасалған мүліктердің жас ұрпақтың теріс іс-әрекеттері салдарынан суретте көріп отырғандай «бүлдіру-сындыру», «вандализм» әрекеттері тыйылмай келеді. Бұл әрекеттің барлығы осы аумақтағы бірқатар жасөспірім балалардың вандализм әрекетінен орын алуда. 


Мұндай мәселелер тек әкімдік немесе құқық қорғау органдары тарапынан ғана емес қоғамдық бақылауға алынуы керек. Сауалда көрсетілген мәселе бойынша қала әкімдігі тарапынан қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетін болады. 


Орын алған жағдайға қатысты калалық полиция басқармасы қатаң түрде тиісті құқық бұзушы тұлғаларды анықтап, жауапкершіліктерін қарайтын  болады. 


Құрметті жерлестер!

Еліміздің болашағы саналатын бала тәрбиесіне зор жауапкершілікпен қарап, мемлекеттің мүлкінің бұзылуына жол бермеуге және осындай іс-әрекеттердің орын алуынын алдын алуға шақырамыз!

Қала ортақ үйіміз! Сондықтан ондағы әрбір мүліктің қалыпты жағдайда болуы біздің жауапкершілігімізде!

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

25 шілде 2020 ж. 1 244 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?