Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

АУРУХАНАҒА ТЫНЫС АЛУ АППАРАТЫ ТАБЫСТАЛДЫ

Бүгін қала әкімінің орынбасары Асқарбек Есжанов Қызылорда Темір жол ауруханасының дәрігерлерімен кездесті. Кездесу барысында індетпен күресте алғы шепке шығып, адам жанына араша түсіп жүрген медицина қызметкерлеріне әкімдік тарапынан қолдау көрсетілетінін және алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.
Індетпен күресте өңірдің ерікті тұрғындары асқан белсенділік танытып, қауіпті кеселден арылуға үлкен септігін тигізіп келеді. Еріктілер қатарында кәсіпкерлер, құрылысшылар, мәслихат депуттары да бар. Осындай жомарт жүрек, дархан көңіл жандарды қала әкімдігі игі іске ұйыстырып, вируспен күресте белсенділік танытып келеді. Нәтижесінде аз уақытта 41 млн. теңгеден аса қаржы жиналып, аймақ орталығындағы емдеу мекемелеріне қажетті құрал-жабдықтар алынды. Оның ішінде 48 оттегі концентраторы бар. Ел жанды азаматтардың қолдауы дендеген дертке шідер, жұтым ауаға зәру жандардың көңіліне медеу болды.
Қоғамды үрейге салған қауіпті ауру қос бүйректен қысқанда қол қусырып қарап отырмай қолдан келген көмегін көпке ұсынған кәсіпкердің бірі - Нұрболат Ибраев. «Авто-Лидер Қызылорда» ЖШС директоры «Теміржол ауруханасына» 1 млн.теңге қаражатымен демеушілік көрсетті. Жеке кәсіпкер бұл қаражатқа 2 оттегі концентраторын алып, ауруханаға табыстады.
Қай уақытта болмасын елге игі іс жасап, туған топыраққа қолдау көрсету перзенттік парызым деп санайтын азамат басқа кәсіпкерлерді де дертпен күресте белсенді болуға шақырды.

«Қызылорда теміржол ауруханасында» 40 орындық провизорлық стационар 27 маусымнан бастап жұмыс істеуде. Бүгінде ем алушылар саны 21 адам. Емдеу мекемесінің директоры Сұлтанбек Кенжебаев оттегі концентраторының қазіргі таңда ауадай қажеттігін айтып, саладағы тапшылықты тиімді шешіп беріп отырған қала әкіміне алғысын жеткізді.
Айта кетейік, Қызылорда қаласы әкімдігінің 30-ға жуық қызметтік көліктері емханалар мен аруханаларға қызмет көрсетуде. Сонымен бірге қала әкімдігі тарапынан дәрігерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында індетпен күресіп жатырған медицина қызметкерлерін орналастыру үшін «Сырдария» лагерінен 100 орын дайындалды. Қажетті оттегі балондары, медициналық құрал-жабдықтармен ыстық тамақпен толық қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар елге жанашыр кәсіпкер «Қызылорда» қонақ үйінің директоры Қ.Боранбаевтың қолдауымен дәрігерлерге 137 орын берілсе, «Bella Vista» кешенінің директоры Р.Ахметов 11 орынға арналған қонақ үйін алдын ала ұсынып отыр. Ал, “Бәйтерек” қонақ үйінің құрылтайшысы Пірімов Жеңіс Қашақпайұлы дәрігерлерге 40 орынға арналған қонақ үйін бөлді. Бірлік бар жерде әр іс берекелі болары анық. Бүгінгідей біртұтастығымыз сынға түскен уақытта, жұдырықтай жұмылып әрекет ету маңызды. Сондықтан қала тұрғындарынан карантиндік талаптарды сақтап, қорғаныс маскаларын киіп, өзара тиісті ара қашықтықты ұстап, адамдар көп жиналатын жерлерге мейлінше бармауларын сұраймыз.
21 шілде 2020 ж. 993 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?