АУЫЛ СӘУЛЕТІ – АЙМАҚ КЕЛБЕТІ
Бүгін Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қалаға қарасты ауылдарда болып, «Ауыл – ел бесігі» және «Жұмыспен қамту жол картасына» сай жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен танысу мақсатында бірқатар нысандарды аралады.
Шаһар басшысы ең алдымен «Ауыл – ел бесігі» республикалық бағдарламасы аясында қаржылай қолдау тапқан Ақсуат ауылдық округіндегі №143 орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстарының сапасын тексерді. 1982 жылы салынған мектеп араға 38 жыл салып күрделі жөндеуден өтуде. Жөндеу жұмыстары негізінде ауылдың жұмыссыз жүрген 40 азаматы жұмыспен қамтылған. Күрделі жөндеуді көзімен көрген қала әкімі ішкі жұмыстарда олқылықтарды анықтап, келісім шартты қайта зерделеуді жауапты сала басшыларына тапсырды.
Мұнан кейін қала әкімі ауыл орталағында орналасып, бұған дейін жөндеу көрмеген Ү.Тоқмағамбетова көшесіндегі асфальт төсеу жұмыстарын көрді.
«Күз болса батпақтап, қатынас қиын болушы еді. Жақсы жаңалықты естіп, тақтайдай тегіс тас жолға жететінімізге қуанған болатынбыз. Енді міне игі істің куәгері болып тұрмыз», - деген ауыл тұрғыны Бодықов Бейсенбай ақсуаттықтардың атынан алғысын жеткізді.
Айта кету керек, ағымдағы жылы Ақсуатта 16 көше «Ауыл – ел бесігі» республикалық бағдарламасы бойынша орташа жөндеуден өтіп, оның 7 көшесіне асфальт салынса, қалған 9 көшеге қиыршық тас төселіп болады. Мұнан бөлек тағы бір көшеге қиыршық тас төсеу жұмыстары "Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға дейінгі бағдарламасы" шеңберінде жүзеге асуда. Ал жергілікті бюджет есебінен 1 көшеге тас төсеу және тұрғындар үшін ауыл орталығына спорттық көше тренажерін орнатуға қаржы бөлінген. Сонымен қатар өткен жылы күрделі жөндеуден өткен «Асыл-Ай» бөбекжай – бақшасына қажетті жабдықтар алуға облыстық бюджеттен қаржы қаралып, жұмыстар жүргізілуде.
«Ауыл - ел бесігі» деп аты айтып тұрғандай бағдарлама ақсуаттықтар үшін тиімді болып тұр. Бұған дейін амбулатория, мәдениет үйі жаңадан салынып, енді міне мектеп күрделі жөндеуден өтуде. Мұндағы құрылыс қарқынын, жұмыс барысын басталғалы бері бақылауда ұстап отырмыз. Алдағы уақытта да үнемі қадағалауда ұстаймыз деген қала әкімі кейде жоба аяқталғаннан кейін сапаға қатысты мәселелер туындап жататынын айтты. Сондай олқылықтарды болдырмай, алдын-алу мақсатында ауылдың ардагерлер кеңесі мен тұрғындар жұмыс барысын бақылай алатынын жеткізді. Ауыл әкіміне барлық жұмысты саралап, жолды лабораториялық тексерістен өткізіп барып, қабылдауды тапсырды.
Сонымен бірге қаладан пайдалануға жарамды бағдаршам, жарық бағаналары, жаяу жүргінші жолдарына қажетті құрылыс заттарын тиімді пайдаланып, ауылдың қажеттілігіне жарату керектігін де айтты.