Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Қаралы күн- халықтың мұң жанары..

Аурухана. Арпалыс. Қаза күту,
Тірі қалу. Үнсіздік. Аза тұту.
Ел еңсесі түспесін бүгін бір күн,
Төмендейді көк байрақ, қазақы Ту.

Өлім келіп татқанша дәуренің у,
Өмір деген ақ жалқын сәулені қу.
Қос өкпесі қабынған адамзаттың,
Қолдан келер амалы- тәубе қылу

Аяулы азаматтар небір биік,
Келмес жаққа аттанды кебін киіп.
Солардың жанарында өлмей қалған,
Арманға жету үшін жеңілмейік!

Қаралы күн- халықтың мұң жанары,
Өтер бұл да, кетеді күн жаманы.
Алмасып қара түннің қауызынан,
Жалғанның жарық нұры бүр жарады..

Өкініштер өзегін өртегенмен,
Бақ кетпейді мінезі көркем елден.
Шу көтермей, Ту көтер қайта жұртым,
Енді ешқашан түспесін ол төбеңнен!!

Мұхтар Ниязов (Muhtar Niyazov)

#Ұмытпаймыз
#Помним 
13 шілде 2020 ж. 616 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?