САБЫРДЫ - СЕРІК, ДҰҒАНЫ - ДІҢГЕК ЕТЕМІЗ
Мұрат СӘРСЕНБАЕВ,
«Абай – Дәулет» ЖШС директоры.
Халқымыз қашанда қиын сәттерде қабырғасы қайысып тұрса да сабыр сақтап, Алладан қайырын тілеген. Әлем халқын әбігерге салған тәжтажал талай отандастарымыздың шаңырағын шайқалтты. Бұл біздің жанымызды жабырқатып, жүрегімізді елжіретеді. Осынау қиын сәтте ынтымағымызды көрсетуіміз көрегенділіктің көрінісі. «Қайғы бөліссең жеңілдейді» деген аталы сөз бар.
Еліміз бұрын-соңды болмаған күрделі кезеңмен бетпе-бет келіп отыр. Бұл қауіпті індет іргемізді селдіретіп, экономикамызға да теріс әсерін тигізуде. Мемлекет басшысының шешімімен 13 шілде коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды еске алу – Ұлттық аза тұту күні болып белгіленді. Бұл бәрімізге бірдей батады. Осы дерттен қаза тапқан әрбір адам біріміздің әкеміз, біріміздің анамыз, енді біріміздің бауырымыз.
Біз сынақтан сабақ алуымыз керек. Енді мұндай жаманшылық басымызға келмесін. Өткенге салауат айтып, болашаққа бақыт тілеймін.
#Ұмытпаймыз
#Помним