Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Н. Нәлібаев «Квант» механикалық зауытында

Қала әкімі Н. Нәлібаев «Квант» механикалық зауытына барды.
Бұл өндіріс орнынан күніне 200 оттегі баллон қала ауруханаларына жөнелтілуде. Өндірістің қуаттылығын арттыру үшін қала әкімінен мекеме басшысы Байқоңыр қаласындағы кислород-азот зауытынан дайын оттегіні алдыруға ықпал жасауын сұрады.
Сұранысы артқан оттегімен емханаларды қамтамасыз етіп отырған кәсіпорынның тағы бірі «Шыңғыс ЛТД» ЖШС. Серіктестік күніне 300-400 оттегі баллонын медициналық мекемелерге дейін жетікізіп беріп отыр. Тасымалдау қызметі аймағымыздағы кәсіпкерлердің және ерікті азаматтар мен қоғам белсенділерінің көмегімен жүзеге асуда. Бұл ретте елім деген жомарт жандардың қаржылай көмегін де атап өткен жөн.
- Қысылтаяң уақытта қол қусырып қарап отырмай, елге қызмет етудің жарқын үлгісін көрсетіп жүрген барша белсенді азаматтарға үндеу жасадық. Белсенді жандар бізді қолдап, игі іске ұйыса кетті. Қиын кезде елге көмектесіп жатқан кәсіпкерлерге облыс басшысының, аймақ тұрғындарының атынан алғысымды білдіремін» - деді, қала әкімі.
10 шілде 2020 ж. 661 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?