Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Н.НӘЛІБАЕВ: «Біз үшін әрібір адамның амандығы - өмірі қымбат»

Бүгін Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қаламыздағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру мен індеттің алдын алу шараларын саралау мақсатында бірқатар нысандарды аралады.
Қала әкімі алдымен індетпен тынымсыз күресіп, қиын уақытта үйіне қайтпай оқшаулау орталықтарында жатқан медицина саласының қызметкерлерімен кездесті.
Ел үшін үлкен жұмыс жасап жатқан дәрігерлермен тілдескен шаһар басшысы үйдегідей жайлы жағдай жасалатынын жеткізе отырып: «Біз үшін әрбір адамның амандығы - өмірі қымбат. Сіздердің ерен еңбектеріңіз шексіз. Барлық жағдайларыңызды жасаймыз. Менің орынбасарларым, бөлім басшылары мән-жайды қадағалап, қажеттіліктерді жеткізеді».
Қазіргі таңда дәрігерлерге қолайлы жағдай жасап, жайлы жатын орын ұсынған «Қызылорда» қонақ үйінде қалалық аурухана қызметкерлері үшін 120 орын бөлінген. Дәрігерлерді тасымалдау қызметіне қала әкімдігі тарапынан арнайы автокөліктер қарастырылған. Елдегі ахуал тұрақталғанша бұл көліктер медицина қызметкерлеріне, денсаулық сақтау саласына қызмет істейтін болады.
Мұнан соң шаһар басшысы жұқпалы аурулар емханасының мамандары оқшауланған «Сырдария» тынығу лагеріне барды.
Кездесу барысында лагердегі дәрігерлердің жай-күйін біле отырып, кадр тапшылығы болдырмау мақсатында үйде отырған дәрігерлермен медицина мамандығының соңғы курсында оқып жүрген мықты студенттерді жұмысқа тартуды тапсырды. Қосымша штат ашуға қаржылай мүмкіндік болмаса, белсенді кәсіпкерлер арқылы жалақы жағын шешіп беретіндігін жеткізді.
10 шілде 2020 ж. 837 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?