МОНИТОРИНГТІК ТОП СПОРТТЫҚ ОЙЫН НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ
Қалада COVID-19 індетіне қарсы бағытталған карантин талаптарын сақтау мақсатында қала әкімдігі жанынан құрылған мониторингтік топ бірқатар спорттық ойын нысандарын аралады.
Қала әкімінің орынбасары А. Есжанов және қала әкімдігінің сала басшыларынан құралған мониторингтік топ аралау барысында карантин талаптарын бұзған нысан иелеріне ескерту жасап, талаптың орындалуы және індеттің таралуына жол бермеу қажеттігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Айта кету керек, қала әкімдігі жанынан карантиндік режимді меншік нысанына қарамастан барлық субъектілердің санитариялық-дезинфекциялық режим талаптарын бақылау бойынша 14 мониторингтік топ құрылды (құрамында: қалалық прокуратура, қалалық тауарлармен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы, қала әкімдігі, қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері).
Құрылған жұмысшы топ тарапынан осы кезге дейін қала аумағында орналасқан 5000-нан аса нысан араланып, тиісті түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізілуде.