Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Медициналық оттегі баллондарын толтыру қызметін ұсынады

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, қала аумағында COVID-19 індетімен күреске бағытталған күнделікті жүйелі бірқатар шаралар қабылданды.Оның ішінде емдеу мекемелеріне қажетті кислородты баллондарға қатысты тапшылықты жою мақсатында қала әкімдігімен қолдау көрсетуге ниет білдірген кәсіпкер азаматтармен келіссөздер жүргізіліп, нәтижесінде тиісті жұмыстар басталды.

Қазіргі уақытта, қала аумағында Марал Ишан көшесі №17 мекенжайда орналасқан «Квант» механикалық зауыты (ЦКЗ), және «Шыңғыс LTD» ЖШС (Қарауылтөбе ауылдық округінің кіреберіс тұсы, Жезқазған трассасы бағытында) мекемелері медициналық оттегі баллондарын толтыру (заправка) қызметін ұсынуда.

Қызылорда қаласы әкімдігі жоғарыда аталған мекемелерге тұрғындардың атынан осындай сәтте көрсеткен қолдаулары үшін алғысын білдіреді.
08 шілде 2020 ж. 865 0

Күнтізбе

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?