САУДА ОРЫНДАРЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ТӨМЕН БАҒА БҰРЫШТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУДА
Бүгін қала әкімінің тапсырмасымен әлеуметтік маңызы бар халық ең көп тұтынатын азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру мақсатында мониторингтік топ қаладағы бірқатар сауда орындарын аралады.
Жалпы қаладағы сауда орындары әлеуметтік маңызы бар халық ең көп тұтынатын азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру мақсатында Байқоңыр АӨК еншілес кәсіпорны "Алтын Қамба" ЖШС-мен меморандумға отырып, әлеуметтік төмен баға бұрыштары ұйымдастырылуда.
Қазіргі таңда "Мирас" сауда базары, "Ажар" және "Қызылорда" сауда үйлерімен келісім-шартқа отырып, халыққа тиімді нарық бағасынан 10-15 % төмен бағадағы азық-түлік тауарлары сатылымда.
Сондай-ақ қаладағы басқа да аудандардағы ірі сауда орындарымен келіссөздер жүргізілуде.
Алдағы уақытта осы ірі сауда орындарынан бірінші қажеттіліктегі ұн, күріш, картоп, жуа, қарақұмық, қант және басқа да өнімдерді төмен бағада сатып алуға болады.
Осы атқарылған жұмыстар нәтижесінде ұн 141 теңгеден болса, қазір 125 теңгеден сатылуда, яғни 12,8 % арзан. Күріш 230 теңге тұрса, 210 теңгеге төмендеді, яғни 10% арзан. Макарон 430 теңгеден 420 теңгеге түсті, яғни 5% арзан. Өсімдік майы 400 теңгеден 380 теңгеге төмендеп, 10% арзандады.