ҚАЛА ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ
Н.Нәлібаев: «Бірінші кезекте сапаға мән беріп, құрылыс жұмыстарын уақытылы аяқтау маңызды. Барлық жұмыстарыңызды күнделікті өзім бақылап отырамын»
Бұл туралы бүгін қала әкімі «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында қаладағы бірқатар құрылыс нысандарын аралау барысында айтты.
Бүгінгі күні Қызылорда қаласында 54 мектеп бар. Оның ішінде күрделі жөндеуді қажет ететін ғимараттар сараланып, жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде.
Білім саласындағы биылғы жағымды жаңалықтың бірі аймақ орталығында барлығы 8 мектепке және 2 балабақшаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында 4 мектеп яғни №23, 43, 112, 173 және 2 балабақшаға күрделі жөндеуден өтсе, республикалық «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы негізінде Ақсуат ауылдық округінде орналасқан №143 орта мектебі жаңғыртылуда. Сонымен қатар қаламыздағы №1, 4, 176 мектептердің есік-терезелері мен шатырын жаңалауға Халықаралық жобалар арқылы қаражат бөлінген.
Қала әкімі алдымен Ж.Қизатов атындағы №23 мектептегі күрделі жөндеу жұмысынан бастады. Салынғанына 35 жыл болған білім ордасының сыртқы әрлеу жұмыстары, ауыз су, кәріз жүйесі мен жылу жүйесі құбырлары тозып, есік-терезесі ескірген. Нысанды аралап көрген қала әкімі құрылыс сапасына сын көзбен қарап, мемлекеттен бөлінген әр тиынның сұрауы болатынын ескертті. Сонымен қатар жөндеу жұмыстары уақытылы аяқталып, білім ордасы жаңа оқу жылына дейін сақадай сай болуын тапсырды.
Мұнан соң шаһар басшысы Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясында халықаралық жобалар арқылы жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарын көрді. Мектеп басшылығының мемлекет қаржысына иек артып отырмай, жаңғырту жұмыстарына «Халықаралық қорлардан қаржы тарту жақсы жұмыстың нәтижесі», - деп баға берді.
Одан әрі И.Журба және көптен бері Титов қыстағының тұрғындары сұрап жүрген М.Көкенов көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолының жұмысының сапасын көрді. Жобаны жүзеге асырушы «Қасиет LTD» ЖШС және «Ақпарат-Қызылорда» ЖШС. Қала басшысы қос мердігерге осыған дейін тротуарлардың сапасына байланысты орын алған олқылықтардың қайталанбауын ескертіп, сапалы болуын қатаң түрде тапсырды. Сонымен қатар тротуарлардың сапасымен бірге көз тартар әсем болуы маңызды екенін алға тартты.
Одан кейін қала әкімі осы Титов қыстағында орналасқан Ә.Молдағұлова атындағы №173 мектептің күрделі жөндеу жұмыстарын тексерді. Мектеп 44 жылдан бері жөндеуден өтпеген. Ғимараттың салынған уақыты мен жағдайын сараптай келе күрделі жөндеуге «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында қаржы бөлінген. Мердігер мекеме басшысы құрылыс жұмыстары тамыз айында аяқталып, оқу маусымына толық дайын болатынын жеткізді. Өз кезегінде шаһар басшысы жөндеу жұмыстары қала әкімдігі жанынан құрылған арнайы топтың бақылауында болып, өз назарында болатынын ескертті.
«Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өтіп жатқан келесі ғимарат Н.Ахмадеева атындағы №112 орта мектеп. Ондағы құрылыс жұмыстарын аралап көрген қала әкімі, металлды сайдинг жабындарының дұрыс қойылмағанын айтып, мердігерге бұл олқылықты тез арада дұрыстап, жобаға ат үсті қарамауды тапсырды.
Қала әкімі А.Тоқмағамбетов көшесінің бойындағы кварталаралық жылу желілерін қайта құру жұмыстарын да назарға алды. Бұл аралықтағы жылу құбырлары 25 жылдан бері ауыстырылмаған. Бүгінде жаңғырту жұмыстарына жылу шығымы аз, заман талабына сай отандық өнімдер қолданылуда. Шаһар басшысы мұндағы жұмыстың баяу жүргізіліп жатқанын айтып, мердігерге және жауапты сала басшыларына «мейлінше тез әрі сапалы жұмыс істеу керек», - деп тапсырма жүктеді.
- Орталық болғасын бұл жерде қанша шағын кәсіпкер жұмыс істеп отыр. Бәрінің жұмысына қол байлау болып, кедергі келтіріп тұрсыздар. Жұмыс қарқынын үдету керек. Қауіпсіздік шарасы тағы бар. Жаман айтпай жақсы жоқ. Мына жерге абайсызда адам не көлік түсіп кетіп жатса?.. Сондықтан қазан айына дейін уақыт бар деп жүре бермей, абыроймен жұмыс істеп, тездетіп бітіру керек. Күнделікті өзім қадағалап, бақылауда ұстаймын. Материал да жұмыс та сапалы болсын», - деп нықтап тапсырды қала әкімі.
Айта кетейік, биыл қала бойынша «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында тозығы жеткен 7 шақырым жылу құбырларын ауыстыру жоспарлануда. Аталған жоба негізінде 200 жуық азамат жұмыспен қамтылды.