Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

МАРАПАТ ТӨРІНДЕ - ҰШҚЫР ҚАЛАМ ИЕЛЕРІ

Журналистердің кәсіби мерекесіне орай, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Асқарбек Есжанов тілшілер қауымына қала әкімі Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлының арнайы құттықтау хаттарын табыс етіп, қаламыздың әлеуметтік және экономикалық дамуын насихаттап, ашық ақпарат ұсынып, еңбегімен ерекшеленіп жүрген бірқатар жаңалық жаршыларына КӘСІБИ БІЛІКТІЛІГІ ҮШІН "Ұшқыр қалам - 2020" қала әкімінің алғысы мен арнайы сыйлықтарын табыстады.
‐ Журналистер ашық, халыққа қолжетімді ақпарат қалыптастыруда күндіз-түні халыққа адал қызмет етеді. Осындай қауіпті індет белең алған уақытта да бұқаралық ақпарат өкілдерінің еңбегі ерекше болды, шексіз алғысымызды білдіреміз, – деді А.Есжанов.
Айта кету керек, Қызылорда қаласында қала әкімдігіне қарасты дербес бөлімдер, кент және ауылдық округ әкімдіктері қаламыздағы тілшілер қауымына қала әкімінің ыстық лебізін, құттықтауын жеткізуді игі дәстүрге айналдырған. Биыл да бұл үрдіс жалғасын тапты.
27 маусым 2020 ж. 1 088 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?