ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДАҒЫ БІЛІМ СЫНАҒЫНЫҢ БІРІНШІ КҮНІ
Бүгін Қызылорда қаласы бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағы басталды.
Білім сынағының бірінші күні "Мұрагер" мектебі мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 5-ші корпусында ұйымдастырылды. "Мұрагер" мектебінде орналасқан №733 тестілеу пунктіне қаланың №3,№215 мектептерінен 100 оқушы қатысса, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ғимаратында орналасқан №732 тестілеу пункітіне қаланың 7 (№№8, 23, 136, 176, 198, 257, 264) мектебінен 273 оқушы қатысты. Жалпы алғанда қала бойынша 26 маусым күні 373 оқушы тестілеу сынағына кірді.

Сынаққа кірген 9 оқушыға тыйым салынған заттарды қолданғаны үшін акт толтырылды. Атап айтқанда, тестілеуге дейін тексеру кезінде 4 (№3 мектептен – 3, №264 мектептен – 1) оқушы ұялы телефонмен ұсталса, тестілеу барысында 5 (№3 мектептен – 4, №136 мектептен – 1) оқушы ұсталып, аудиториядан шығарылды. Білім сынағы карантин жағдайында ұйымдастырылғандықтан, түлектер жауапкершілікті және арнайы талапты қатаң сақтап, бетпердемен қатысып, арақашықтықты сақтады. Айта кетейік, Ұлттық тестілеу кезеңінде оқушыларға калькулятор пайдалануға берілді.