Қала әкімі Н.Нәлібаев талапкерлерге сәттілік тілейді!
Қымбатты талапкерлер!
Қадірлі ата-аналар!Бүгін Қызылорда қаласында ұлттық тестілеу өтуде.
Көңілдеріңіз күпті болып, қобалжып тұрғандарыңызды жақсы білемін, Сіздерді түсінемін де.
Алайда, Өздеріңіз де байқадыңыздар біздің үміткерлеріміз білімдеріне сеніп, жауынгерлік рухта.
Тестілеудің жоғары деңгейде өтуі үшін қалада екі тестілеу пунктінде сынақ ұйымдастырылып, қажетті барлық жағдай жасалды. Санитариялық ережеге сай әрбір түлек дезинфекциялық туннелдерден өтіп, бетпердемен және арнайы тексерістен өткізілді. Кабинеттер талапқа сай жасақталды. Білім сынағына Қызылорда қаласы бойынша 469 оқушы тестілеу сынағына кірді.
Қымбатты талапкерлер!
«Білім – бақтың жібермейтін қазығы» дейді дана халқымыз. Білектінің емес білімдінің күні туған заманда өмір сүрудеміз.
Тәуелсіз мемлекетіміздің арқасында елімізде білім алуға ниеті бар азаматқа жол ашық және оған жағдай жасалған.
Бүгін - он бір жыл алған білімдеріңіздің таразыға түсер, өмірлік бағыт-бағдарларыңыздың айқындалар сәті жетті. Ұлттық бірыңғай тестілеуге жан-жақты әзірленіп, тыңғылықты дайындықпен келгендеріңіз анық.
Осы сында үмітімізді ақтап, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізетіндіктеріңізге сенемін.
Ертең ел қуатын еселеп дамытатын, бәсекеге қабілетті, білікті маман мына Сіздер деп білемін.
Тестілеуден сәтті, аман-есен өтулеріңізге тілектеспін!