Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ЖОЛ АҚЫСЫН ТӨЛЕУДІҢ ЖАҢА ЭЛЕКТРОНДЫ ЖҮЙЕСІ

Бүгінде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында Қызылордада қоғамдық көліктің жол ақысын төлеудің электронды жүйесі енгізілмек.
Бұл туралы бүгін қалалық мәслихат ғимаратында өткен депутаттық тыңдау барысында талқыланып, қалаішілік қоғамдық көліктерде жол жүру ақысын электронды төлем жүйесіне енгізу бойынша сараланған (дифференцированный) жол жүру төлем жүйесі жөніндегі мәселе қаралды. Басқосуға қалалық мәслихат хатшысы Р.Боханова бастаған бірқатар депутаттар, қала әкімінің орынбасарлары Е.Бердібаев пен А.Есжанов, тиісті сала басшылары, облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары С.Құлмахан және қалалық Қоғамдық кеңес мүшесі, қоғам белсендісі Э.Теңізбаев, жобаны іске асырушы компания өкілдері қатысты.
Талқылау барысында қала әкімдігі тарапынан жол ақысын ұялы байланыс операторының көрсетілетін қызметтері арқылы немесе электрондық жол жүру картасы арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде – 90 теңгеден, ал жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – 150 теңге ретінде ұсынылды.

Аталған жоба бұған дейін қалалық Қоғамдық кеңес отырысында қаралып, қолдау тапқан. Сонымен қатар, облыстық кәсіпкерлер палатасы тарапынан ескерту жоқтығы туралы сараптамалық қорытынды берілген.
Жүйені енгізудің тиімділігі - жолаушы электронды жолақысы төлемін өзіне қолайлы 9 түрлі төлем тәсілімен пайдалана алады, әрі «SMSBUS жолаушы» мобильді қосымшасы арқылы өз қажеттілігіне қарай бағыттардың қозғалыс кестесін анықтап, аялдамаға келу уақытын нақты уақыт режимінде бақылай алады.
Сонымен бірге, қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесін арттыру арқылы тасымалдаушылардың ашық қызметін көрсетуге және тұрғындардың қоғамдық көлік қызметіне жаңаша көзқарасын қалыптастыруына, әрі қауіпсіздігін қамтамасыз етуіне септігін тигізеді.
Дегенмен, мәслихат депутаттары енгізілетін бұл жаңалықтың қарапайым халыққа кері әсер етпеуі маңызды екендігін атап өтті.
Сондай-ақ, ұсынылып отырған қолма-қол төлеуге жататын 150 теңге жол ақысын 120-130 теңгеге дейін түсіру туралы ұсыныс берілді.
Тиісті сала мамандарына бұл мәселені халыққа кеңінен түсіндіруді, қоғамдық талқылау жұмыстары жүргізілуін, мәселені алдағы өтетін сессия отырысына жан-жақты талдап, дәйекті нұсқада ұсыну тапсырылды.
20 маусым 2020 ж. 1 018 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?