«ЖОМАРТ ЖҮРЕК» БАЙҚАУЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢІНЕ ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ!

Қызылорда қаласының әкімдігі төмендегі номинациялар бойынша ұсынымдар қабылдайды:
🔹 «Жыл меценаты»;
🔸 «Туған өлке»;
🔹 «Жыл тұлғасы»;
🔸 «Жылдың үздік ұйымы»;
🔹 «Ерен еріктілік».
Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар:
Байқауға қатысушы қала аумағында қоғамдық пайдалы, әлеуметтік, қайырымдылық қызметті жүзеге асырып жүрген және төмендегі өлшемшарттарға сәйкес келетін заңды және жеке тұлғалар бола алады:
✅ өңір аумағында қайырымдылық, қоғамдық пайдалы және әлеуметтік қызметтерді жүзеге асыру;
✅ қызметтің әлеуметтік бағыты;
✅ сыйлық номинацияларына сәйкес келуі;
✅ қажетті құжаттардың болуы.
-----------------------------
Байқауға қатысуға арналған құжаттар топтамасы:
✅Жеке тұлға үшін:
🔸 Байқауға қатысуға өтінім;
🔹 Үміткердің фотосуреті (пішімі: 3х4, JPEG);
🔸 Өмірбаяны;
🔹 Жеке куәліктің көшірмесі;
🔸 Жоба, қоғамдық пайдалы, әлеуметтік маңызы бар қызметі туралы еркін нысандағы ақпараттық хабарлама;
🔹 Қоғамдық пайдалы, әлеуметтік маңызы бар қызметті растайтын құжаттардың көшірмесі (Алғыс хат, БАҚ-та шыққан материалдар, объектілер, іс-шаралар және т.б. фотосуреттері);
🔸 Байланыс телефон нөмірі;
🔹 Электронды поштасы.
------------------------------------
✅Заңды тұлға үшін:
🔸 Байқауға қатысуға өтінім;
🔹 Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (көшірмесі);
🔸 Қоғамдық пайдалы, әлеуметтік маңызы бар қызмет туралы еркін нысандағы ақпараттық хабарлама;
🔹 Қоғамдық пайдалы, әлеуметтік маңызы бар қызметті растайтын құжаттардың көшірмесі (Алғыс хат, БАҚ-та шыққан материалдар, объектілер, іс-шаралар және т.б. фотосуреттері);
🔸 Байланыс телефон нөмірі;
🔹 Электронды поштасы.
Байқауға қатысушылар құжаттары 2020 жылғы 10 тамызға дейін Қызылорда қаласы әкімдігінің ғимараты 3 қабат, 313 кабинет қалалық ішкі саясат бөлімінде қабылданады. Байланыс телефоны: 26-35-62.