Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Тұрғындар өздері таңдайды, бақылайды: "Тұрғын үйге қайта жаңғырту жұмыстары"

Қала аумағындағы 32 көп қабатты тұрғын үйге қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Күрделі жөндеу жұмыстары Қызылорда қаласы бойынша «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында қолға алынған.
Аталмыш бағдарлама негізінде осыған дейін облыс орталығында 134 көп пәтерлі тұрғын үй қайта жаңғыртудан өтіп, пайдалануға берілген.
"Бағдарламаның тұрғындар үшін тиімді тұсы - үй иелері жөндеу жұмыстарын жүргізетін мердігер мекемені өздері таңдайды. Яғни бағдарламаның талаптарына сәйкес ең алдымен тұрғындардың кемінде 70%-ы келісуі қажет. Таңдаған мекеме жұмысын тұрғындар арасынан сайланған белсенді топ толық бақылауда ұстап, қадағалайды. Жөндеу жұмыстарына қатысты тұрғындардың сын-ескертпелері болса мердігерге жеткізе отырып, өзгертулер енгізе алады. Сонымен қатар жөндеу жұмыстары аяқталғанда үйді қабылдап алуға да сол белсенді топ мүшелері атсалысады", - деді қала әкімінің орынбасары Е. Бердібаев.
Мұратбаев 36-үйдің тұрғыны Осадчук Иринаның айтуынша: "Біз модернизацияны ұзақ күттік. Үйіміз 1964 жылы салынған. Содан бері дұрыс жөндеу көрмеді. Шатырымыздан су ағып, жылу құбырлары мен кәріз жүйесі өте нашар жағдайда болған. Бүгінде жүргізіліп жатқан жаңғырту жұмыстарына көңіліміз толады. Біраз жылға дейін уайымсыз отырамыз деп сенімді түрде айта аламын".
Ал, Төле би 137-а үйдің тұрғыны Жүнісов Алмағанбет: "Бұрын үйіміздің шатыры мазалайтын. Сол шатырымыз дұрысталып жатыр. Судың, жылудың құбырлары да ретке келтірілді. Мердігерді өзіміз таңдадық. Өзіміз қадағалап жүрміз. Жаңғырту жұмыстары ойдағыдай", - деді.
Облыс орталығында жалпы саны 815 көп қабатты тұрғын үй болса, (сол жағалаудағы үйлерді қоса алғанда) оның 426-сы жөндеуді қажет етеді. Осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыру мақсатында тағы да қала аумағындағы 26 үйді жаңғыртуға бюджеттік өтінім ұсынылды.
12 маусым 2020 ж. 934 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?