САҚТЫҚ, АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТУІМІЗ КЕРЕК
Бүгін қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен баспасөз мәжілісінде қала әкімінің орынбасары Б.Нуридинов қызылордалықтарды инфекциядан сақтану шараларын күшейтуге шақырды.
Баспасөз мәжілісінде Қызылорда қаласында коронавирус инфекциясының нақтыланған жағдайының 7 пайыздан асатын деңгейде тіркелуіне байланысты қала аумағында инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатындағы шектеу шараларының эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанға дейін жалғасатындығы хабарланды.
Қызылорда қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 09.06.2020 жылғы №5 қаулысына сәйкес қызылордалықтар төмендегі шектеулерді орындауы қажет:
🔻 Көпшілік іс-шараларды (мерекелік, ойын-сауық, мәдени көпшілік шаралар, конференциялар, семинарлар және т.б.), ұжымдық, жанұялық (туған күн, құдалық, үйлену тойы, басқа да дәстүр мен әдет-ғұрып шаралары, т.б.) ЖИЫНДАРҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!
🔻 Спорттық-көпшілік іс-шараларды және көрмелерді көрермендерсіз санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып өткізуге РҰҚСАТ БЕРІЛЕДІ!
🔻 Кинотеатрлар, түнгі клубтар, сауда ойын сауық орталықтары жанындағы балалардың ойын алаңдары қызметі тоқтатылады!
🔻 Компьютерлік клубтар, букмекерлік және лото-, мото- конторлардың жұмысы күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режиммен (келушілер мен қызметкерлерін қосқанда) бір адамға кемінде 4 шаршы метрді құрайтын аудан сақтала отырып, сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін ШЕКТЕЛЕДІ!
🔻 Жәрмеңкелердің, азық-түлік емес тауарлар, киім-кешек базарлары мен сауда орындарының жұмысы санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін ШЕКТЕЛЕДІ!
Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режиммен:
🔻 Автокөлік базарлары жұмысын жексенбі күні сағат 08:00-ден 13:00-ге дейін;
🔻 Мал базарлары жұмысын сейсенбі күні сағат 17:00-ден 23:00-ге дейін ШЕКТЕЛЕДІ!
🔻 Меншік нысанына қарамастан барлық балаларға арналған жазғы тынығу, сауықтыру лагерлеріне, мектеп жанындағы күндізгі лагерлердің жұмысына ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!
ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР!
Қызылорда қаласында коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал әлі де күрделі. Сондықтан әр азаматты сақтық шараларына бей-жай қарамай, денсаулықтарына көңіл бөлуге шақырамыз!