ҚАУІПТІ! БЕЛГІЛЕНБЕГЕН СУ АЙДЫНДАРЫНДА ШОМЫЛМАҢЫЗ!
Қызылорда қаласының әкімдігі, 2020 жылы суға шомылу маусымында қала аумағында Сырдария өзенінің бойында орналасқан су айдындарында және арнайы белгіленбеген орындарда суға шомылу кезінде қауіпсіздік ережелері мен сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады!
Жыл басынан бастап бүгінгі күнге дейін қала көлемінде суға батып кетудің 2-і жағдайы тіркеліп, қайғылы жағдайлар орын алуда.
Ағымдағы жылдың 2 маусымында қала әкімдігімен бекітілген Қызылорда қаласы аумағында суға шомылу маусымына орай Сырдария өзені бойындағы қауіпті аймақтарда қауіптің алдын алу бойынша іс-шара жоспарына сәйкес, қала әкімдігі, қалалық полиция басқармасы, қалалық төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлерімен бірлесіп Сырдария өзенінің қауіпті саналатын аймақтары мен су айдындарында суға шомылушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында рейд жұмыстары жүргізілуде.
Рейдтік аралау жұмыстары барысында қала аумағында жақын орналасқан суға түсуге бейімделмеген Сырдария өзенінің бойы, Көксу, Шіркейлі, Жаңадария, ПМК-29 саяжайы және Сталинск каналдары қамтылуда.
Сонымен қатар, ҚР Тұңғыш Президенті саябағына қарама-қарсы орналасқан «Қалғандария» көлінде балалардың белгіленбеген орындарда суға түсу жағдайлары байқалып, олар судан шығарылып, ескертпе үн парақтары таратылды.
Осындай келеңсіз жағдайларды болдырмау және алдын алу бағытында қала тұрғындары мен қонақтарына суға шомылу кезінде қауіпсіздік ережерін қатаң сақтап, балаларды қараусыз қалдырмау қажеттігін назарларыңызға жеткіземіз.