ҚАЛА ӘКІМІНІҢ 4 МАУСЫМ – МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ ҚҰТТЫҚТАУЫ
Құрметті жерлестер!
Елдің елдігін, мемлекеттілігін айқындайтын басты құндылықтар ол - елдің шекарасы, астанасы және мемлекеттік рәміздері.
Баршаңызды 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Қазіргі күні еліміз дербес мемлекет бола алатынын әлемдік қоғамдастықтың алдында барлық қырынан айқындады. Соның нәтижесінде бүгінгі ұрпақ ғасырлар бойы ата-бабамыз аңсаған тәуелсіздіктің, ұлттық мемлекет құру мұратының жүзеге асқан заманында бейбіт ғұмыр кешуде.
Кез келген егемен мемлекеттің тарихы ең алдымен оның мемлекеттік шекарасынан басталады. Тәуелсіздік жылдарындағы ең басты жетістігіміз – ата-баба аманаты – ұлан-ғайыр жеріміздің мемлекеттік шекарасын қалыптастыруымыз.
Мемлекеттік рәміздеріміз – мемлекеттің кешегісін, бүгінін және ертеңін, тартқан көшін елестетумен қатар, азаматтарына сасқанда сабыр, жол таппай қиналғанда ақыл қосатын қасиетті де құдіретті күштер.
Аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтатса, тұлпар тұрпатты Елтаңбамыз ел тарихының тереңінен тамыр тартып, ұлттық рухымызды жігерлендіріп, республикамыздың қанатты тұлпардай ұшқырлығын айғақтап келеді.
«Менің Қазақстаным» атты Гимніміз әрбір қазақстандықты бірлік пен татулыққа үндей бергей!
Тәуелсіздігіміздің алтын күмбезі саналатын мемлекеттік рәміздердің мәртебесі арта берсін деп, мерейлі мерекеде барлықтарыңызға зор денсаулық, отбастарыңызға бақыт тілеймін.
Еліміздегі тыныштығымыз бен бірлігіміз бекем болсын!
Құрметпен,Қызылорда қаласының әкімі
Н.Нәлібаев