Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Қала әкімі: ОЙЫН АЛАҢДАРЫНА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЖАНАШЫРЛЫҒЫ КЕРЕК


26 мамыр күнгі қаладағы құрылыс нысандарын аралау барысында қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы А.Тоқмағанбетов көшесіндегі ойын алаңының құрылыс барысымен танысты.

- Ойын алаңдары туралы әлеуметтік желіден көп сын айтылып жатады. «Қирап қалды, сынып қалды, қайда кетті» деген сияқты. Біз жыл санап ойын алаңдарына қатты мән беріп жүрміз. Өздеріңіз білесіздер, қалада 210 аула болатын болса, оның ішінде 140 аула спорт және ойын алаңдарымен қамтылған. Осы жылы жаңадан 30 жерге балалар ойын спорт алаңқайларын салу жоспарланған. Сондай-ақ, 140 аулада орналасқан ойын алаңдары жөнделіп, жыл сайын тек әрлеу жұмыстарымен шектелген алаңдар толығымен жаңартылады. Өкінішке орай, аталған жұмыстар атқарылып болып жатса, артынша ол алаңдар қайтадан жөндеу жұмыстарын қажет ететін жағдайлар орын алады. Бұл өте өкінішті. Осы тұрғыдан, қала тұрғындарын балалары үшін салынған және жаңартылған ойын алаңдарын күтіп ұстауда жанашырлық танытуын сұраймыз,» - деді қала әкімі.

27 мамыр 2020 ж. 751 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?