Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Қала әкімі: ЕҢ БАСТЫ ТАЛАП - САПА

26 мамыр күнгі қаладағы құрылыс нысандарын аралау барысында қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Сәдуақас және Байқоңыр көшелерін жалғастыратын жаңадан салынып жатқан көпір және М.Исаев көшесінің бойында салынып жатқан жаяу жүргінші жолының құрылысымен танысты.
Қала әкімі «Мақсат ЛТД» ЖШС мердігер мекемесіне жаяу жүргінші жолының сапасына көңілі толмайтындығын және құрылысқа қойылатын талаптардың қатаң сақталуын ескертті.
- Бірінші кезекте сапаға мән беріңіздер. Тұрғындардан сапаға қатысты шағым көп. Ең басты талап – осы,- деді шаһар басшысы.
Мердігер мекеме айтылған сын-ескертпелер бойынша тиісті жұмыстар жүргізіп, бақылауына алатындығын жеткізді.
27 мамыр 2020 ж. 890 0

Күнтізбе

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?