Қала әкімі: ЖОЛ САПАСЫНА ҚАТЫСТЫ ХАЛЫҚТЫҚ БАҚЫЛАУ ТОБЫ ҚҰРЫЛДЫ
26 мамыр күнгі қаладағы құрылыс нысандарын аралау барысында қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Қызылжарма ауылдық окургінде болып, Қызылжарма ауылдық округіндегі Нысанбаев көшесіндегі жол сапасына бақылау жасады.
Тиісті сала мамандарының тексеру нәтижесінде асфальт қабатының қалыңдығы тиісті талаптарға сәйкес келмейтіндігі анықталды.
Жол жөндеу жұмыстарының талапқа сай келмеуіне байланысты қала әкімі жауапты мердігер мекемеге айтылған кемшілікті ретке келтіруін қатаң тапсырды. Олай болмаған жағдайда жол жөндеу жұмыстары өтпеді деп танылатындығын ескертті. Осындай жағдайлардың алдағы уақытта қайталанбауы және оны алдын алу үшін жол сапасына қатысты халықтық бақылау орнату мақсатында қала әкімінің өкімімен арнайы топ құрылды. Арнайы құрылған топқа қоғам белсенділері және құзырлы мекеме қызметкерлері енгізілді.
Айта кету керек, биыл «Жұмыспен қамтудың — Жол картасы» бағдарламасы шеңберінде ауқымды жол құрылыс жобаларын іске асыру жоспарланған, нақтырақ, қаламызда 200-ден астам көше жөндеуден өтпек.