Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ВОЛОНТЕР МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АЛҒЫСЫН АЛДЫ

Қызылорда қаласында қоғамдық ортаға ерікті түрде пайда тигізуді мақсат етіп жүрген азаматтардың қатары аз емес. Ерікті істерге бастамашы болып, жастардың көңілін жақсы істерге бағыттап жүрген волонтерлардың бірі қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Сабыржан Бауыржанұлы Кеңшілік.

Бүгін, қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Сабыржан Бауыржанұлын арнайы қабылдап, волонтердың еріктілік пен белсенділіктің үлгісін көрсеткені үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың "Алғыс хатымен" марапаттады.
Қала әкімі қызылордалық жастардың мәртебесін көтеруде қашанда қолдау көрсетіп, алда бірге жаңа бастамаларды жүзеге асыратындығына сенім білдірді.
26 мамыр 2020 ж. 816 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?