Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

23:00-ден КЕЙІН ЖҮРГЕН ЖАСТАРҒА РЕЙДТІК ІС-ШАРА ЖҮРГІЗІЛДІ

Жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстылықтың алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қалалық полиция басқармасы, қалалық білім бөлімі, қалалық ішкі саясат бөлімі, «Qosyl» қалалық жастар ресурстық орталығы мен Облыстық ЖҚ «Жас Отан» бірлескен қала әкімдігі жанынан мобильді топ құрылып, үстіміздегі жылдың 25 мамыр күні қала көшелерінде рейд жұмыстары жүргізілді.⠀
Түн мезгілінде кәмелетке толмаған 8 жасар жасөспірім 23.00-ден кейін Орталық алаңда заңды өкілінсіз жүргені үшін полиция қызметкерлері СПМ-ге жеткізіп, ата-анасын шақыртып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, Тәуелсіздік көшесінен сағат 23.15 пен 00.30 аралығында 10 жасөспірім және Жібек жолы көшесінен 1 жасөспірім жеткізілді. Жасөспірімдер заңды өкілі екенін растайтын жеке басының құжаттарымен келген азаматтармен үйіне қайтарылды.
Түнгі рейд жұмыстарын жүргізу жыл соңына дейін жалғасатын болады.
26 мамыр 2020 ж. 1 089 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?