КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРҒА ҚАТАҢ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАУ ТҮСІНДІРІЛДІ
Бүгін, 22 мамыр күні «Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы және депутаттық фракция мүшелері кәсіпкерлік нысандар мен базарларда санитарлық-тазалық жағдайының қатаң сақталуына рейд жұмыстарын жүргізді.
Рейд жұмыстарына «Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ш.Әбдірахманов, Партиялық бақылау комиссия мүшелері, депутаттық фракция мүшелері, Қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі, Қызылорда қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандары қатысты.
Қаламызда 18 мамырдан бастап бірқатар нысандар жұмысын қайта бастаған болатын. Осыған сәйкес, Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 17 мамырдағы №13 қаулысына сәйкес күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимін қатаң сақтау үшін тиісті шаралар қабылдау керек екендігі түсіндірілді.