Бақытты отбасы бағдарламасына құжат қабылдау жалғасады
ХАБАРЛАНДЫРУ !
"Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында «Тұрмысы төмен отбасыларға тұрғын үй сатып алуға кредит беру» (Бақытты отбасы бағдарламасы) бағыты бойынша 2020 жылдың мамыр айының 18-нен 21-і аралығында (карантин талаптарын сақтай отырып) үміткерлерден құжат қабылдау жалғасады.
Бағдарламаға:
🔸көп балалы отбасы;
🔸толық емес отбасы;
🔸мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасы қатыса алады.
✅Қатысуға қойылатын негізгі талаптар:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;
2) өтініш берушінің және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің (жұбайының, кәмелеттік жасқа толмаған балаларының) Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғын үйінің болмауы;
3) ағымдағы қаржы жылына отбасының әрбір мүшесіне шаққанда айына заңнамада белгіленген 1 (бір) ең төменгі айлық жалақы көрсеткішінен аспайтын, соңғы 6 (алты) айдағы орташа табысының болуы (балалы бар отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды есепке алмағанда);
4) некені бұзу сәтінен бастап 3 жылдық мерзімнің өтуі (толық емес отбасылар үшін);
5) еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен отбасылық жиынтық табыстың болуы;
6) төлем қабілеттілігін растау;
7) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үйге мұқтаж азаматтың мәртебесі мен тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою санаты көрсетілген ЖАО-ның растауы.
Үміткерлер мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:
1) Бағдарламаға қатысуға білдірген өтініші (бұдан әрі – өтініш);
2) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат;
3) өтініш берушінің және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерін тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мекенжай анықтамасы;
4) неке қию/некені бұзу, жұбайының/зайыбының қайтыс болуы, балалардың туу туралы куәліктері, өтініш берушінің некеде тұрмайтындығы туралы нотариат куәландырған өтініш;
5) өтініш берушінің және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша меншік құқығындағы үйінің немесе сатып алу мүмкіндігімен берілетін тұрғын үйінің бар немесе жоқ екені туралы анықтама;
6) соңғы 6 айдағы табысы туралы анықтама
7) кезектілік нөмірін немесе бірегей нөмірді көрсете отырып тұрғын үйге мұқтаж (Бағдарламаға қатысуға өтініш берген кезде) есебіне қою туралы мәліметтер;
8) Жоғарыда айқындалған санаттардың біріне өтініш берушінің қатысын растайтын құжаттар (көп балалы отбасы, толық емесе отбасы, мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасы).
ҚТҚЖБ шотында қарыз сомасының 10 %-ынан кем емес мөлшерде бастапқы жарна болған жағдайда, ҚТҚЖБ 20 жылға дейінгі мерзімге жылдық 2 %-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша тұрғын үй қарыздарын береді.
✅ Кредит беру талаптары:
қарыздың нысаналы мақсаты – бастапқы және қайталама нарықтарда тұрғын үй сатып алу;
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларында тұрғын үйді сатып алу кезінде ең жоғарғы қарыз сомасы – 15 млн.теңгеден аспайды, өзге өңірлерде – 10 млн. теңгеден аспайды;
кепілдікті қамтамасыз ету – сатып алынатын тұрғын үй немесе ҚТҚЖБ-ның тиісті талаптарына сай келетін өзге мүлік.
✅Үміткерлерден өтініштер мен құжаттар қабылдау орны: М.Шоқай көшесі,147 үйі, №1, 2 терезелер, сағ. 9-00-19-00- ге дейін, байл. тел. 24-80-97, 24-80-61, «Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» КММ
Бетперделік режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, (1,5 м кем емес) құжаттарды қабылдау жүргізіледі.