Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ДЕРТТІҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ЖОЛ БЕРМЕУ КЕРЕК

ДЕРТТІҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ЖОЛ БЕРМЕУ КЕРЕК

Бүкіл әлемді әбігерге салған пандемия біздің еліміз үшін де ауыр болды. Бүгін Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай режимін тоқтату туралы жариялады. Бұл ел басшылығы қабылдаған шаралар, атап айтқанда, төтенше жағдай режимі мен карантин коронавирустық инфекцияның таралу қаупін барынша азайтқанын көрсетеді. Алайда, кейбір аймақтарда дерттің таралуы бәсеңдемей отыр. Індет толығымен жойылып кеткен жоқ, пандемия халықтың денсаулығына әлі де қауіпті, және бізге оларды жете бағаламауға болмайды. Мемлекет басшысы атап өткендей, карантиндік шектеулер еліміздің әрбір аймағындағы жағдайдың жақсаруына қарай кезең-кезеңмен алынып тасталады. Менің ойымша, бұл өте дұрыс шешім, сондықтан барлық жерлестерімізді карантиннің барлық талаптарын ұстануға шақырамын. Коронавирус індетінің екінші толқынына жол бермеу үшін қырағылық пен әлеуметтік жауапкершілікті арттыру қажет.

Сондай-ақ, Президент дағдарыс кезінде және одан кейін азаматтардың өмірі мен денсаулығы, олардың табысын арттыру, бизнесті қолдау және білім беру мен ғылым жүйесін жетілдіру басым болып қалатынын атап өтті. Ол үшін қысқа мерзімде бірқатар мәселелерді шешуді тапсырды. Атап айтқанда, қолда бар қуатты шикізат базасы негізінде өнеркәсіпте жаңа бөліністерді дамыту, "5-10-20" кредиттік тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі жаңа жобаны іске қосу негізін басшылыққа алып "Отбасы банкі" институтын құру, "Бизнестің жол картасы" бағдарламасы шеңберінде шағын бизнес үшін арнайы шаралар қарастыру, білім беруді анағұрлым икемді ету.

Мемлекет басшысының дағдарысқа қарсы күресте ең өзекті мәселелерді шешуге қойылған нақты талаптарының арқасында біз осы індетті толықтай жеңіп шығатынымызға сенемін.

МҰХТАР НИЯЗОВ
Айтыстың ақтаңгері, Қызылорда қаласының құрметті азаматы
12 мамыр 2020 ж. 548 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?