Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Қала тұрғындарын әлі де босаңсымауға шақырамын!

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның бүгінгі отырысында бүкіл ел аумағында төтенше жағдай режимі аяқталғанын, бірақ індеттің екінші кезеңі басталып кетуі мүмкін екенін мәлімдеді.


 "Шағын, орта, ірі компаниялар жаңа ережелерге сәйкес жұмыс істеуі керек. Әлеуметтік арақашықтықты сақтау, көпшілік жиналған жерде бетперде тағып жүру қалыпты жағдайға айналуға 
тиіс. Жұрттың көбі әлі де үйде отыра тұрғаны дұрыс болар еді. Бұл – ең алдымен, адамдардың қауіпсіздігіне байланысты мәселе", – деді Тоқаев өз сөзінде.


 Отырыс барысында мемлекет басшысы жуық арада шешілуі тиіс ең өзекті деген жеті мәселеге нақты тоқталды. Экономиканың өзін-өзі қамтамасыз етілуін арттыру, қолда бар қуатты шикізат базасы негізінде өнеркәсіпте жаңа бөліністерді дамыту қажеттілігі, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыруға бөлінген 1 триллион теңгеге жуық қаржыны толығымен өз мақсатына сай жұмсалуы, ұлттық бизнесті өркендете отырып, азаматтарды қолдау мен бизнесті дамытуға арналған осы және басқа да шараларды жүзеге асыру үшін экономикалық өсімді қайта қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспар әзірленіп жатқанын атап өтті.

 Сонымен қатар, тағы бір қуантарлық жаңалық, халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуге арналған жаңа бағдарлама іске қосылғандығын жариялады. Бұл - қазақстандықтардың баспана алуы үшін жаңа "5-10-20" бағдарламасы негізінде "Отбасы банкі" құрылуы. Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы уақытта азаматтардың зейнетақы қорындағы ақшасын тұрғын үй мәселесін шешу үшін пайдалана алатындарын мәлімдеді.


 Бүгін бүкіл еліміздегі төтенше жағдай режимі аяқталғанымен, кейбір аймақтарда дерттің таралуы бәсеңдемей отыр. Індет толығымен жойылып кеткен жоқ, пандемия халықтың денсаулығына әлі де қауіпті. Елімізде ғана емес, бүкіл әлемдегі бұл жағдай қай мемлекетке болмасын оңай соқпағаны анық, дағдарыс әлі толық еңсерілмей тұр. Дегенмен, індеттің шарықтау шегінен өттік. Қазір біз күрделі кезеңді бастан өткерудеміз. 

Осындай сын сағатында халқымыздың бекем бірлігі бәрімізге күш-қуат беріп, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара білгені қуантады. Талай сынақты, қаншама тарихи күндерді өткерген біздер үшін "карантиннің" аса бір салмағы болмауы керек, бұл қиындықты да бірге жеңіп шығарымызға сенемін және қала тұрғындарын босаңсымай, карантин режимін сақтауға шақырамын!


РАМАЗАН ТАЙМАНОВ
ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері, Қызылорда қаласының құрметті азаматы, композитор

11 мамыр 2020 ж. 664 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?