Тәртіпті одан әрі сақтау орынды!
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында елімізде төтенше жағдайдың аяқталғаны туралы хабарлады.
Бұл жаңалықты халықтың күткені анық. Алайда жағаны кеңге салатын уақыт әлі келген жоқ. Індеттің қайта таралу қауіптілігі әлі де жоғары. Сондықтан әзірге карантиндік шараларды сақтай тұруымыз керек. Кейбір елдер карантинді жұмсартамыз деп ауру санын арттырып жатыр. Олардың жағдайынан сабақ алуымыз орынды деп білемін.
Халқымызда «қырқына шыдаған қырық біріне шыдайды деген» деген мақал бар. Карантин талаптарынан бір сәтте бас тартсақ, дертті қайтадан өршітіп аламыз. Сондықтан, сабырлық сақтап, өзіміздің және жақындарымыздың қауіпсіздігі үшін мамандар белгілеген тәртіпті одан әрі сақтау орынды деп есептеймін.
Қалалық мәслихат депутаты
А. Сүйінтаев