Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Біз біргеміз!

Бүгінгі  төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысын толық тыңдап, індеттердің алдын алу және одан шығу үшін елімізде атқарылып жатқан барлық шаралар жөнінде толық таныстым. Осындай ел басына қиын шақ туғанда қарап қалмай, елмен етене араласып, көмек көрсетіп жатқан барша ел азаматтарының барлығына алғысымды білдіргім келеді.

Індеттің  алдын алуы үшін Ұлттық Ұлан мен Төтенше жағдай жөніндегі комитет бөлімшелері және полиция қызметкерлерін, адам жанын аман алып қалуы үшін арпалысқан дәрігерлерді және балалардың білім мен тәрбиесі үшін күндіз-түні қашықтықтан білім беру жүйесімен жұмыс істеп жатқан барша ұстаздар қауымын атап айтқым келеді.

Кешегі Оңтүстік өңіріміздегі орын алып жатқан табиғи су апаты да еліміз үшін ауыр соққы болып жатқаны қабырғамызды қайыстырды. Осындай шақта еліміздегі ірі бизнес өкілдері мен еліміздің әр өңірінен ерікті жастар тобы құрылып, зардап шеккен тұрғындарға айтарлықтай көмек бергенін ерекше атап өткен жөн. Осындай тұлғаларды халқымыздың шынайы тілеулестері мен патриоттары екенін мақтанышпен айтып, мақтана аламын!

Осындай шақта ел болып барша міндеттелген ережелерді ары қарай да бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара бірге сақтай білсек,  бұл қиындықты да әлі-ақ артта қалдырарымыз анық.

Халқымыздың бекем бірлігі арқасында біз бұған дейінгі талай сыннан сүрінбей өткеніміз белгілі. Бұл қиындықты да еңсеріп кететінімізге кәміл сенемін. Біз біргеміз! Бірге жеңеміз!


Қызылорда қаласы

Әли Мүсілімов атындағы

№101 мектеп-лицейінің

ағылшын тілі пәні мұғалімі

Төлемісов Дүзелбек Маратбекұлы

11 мамыр 2020 ж. 570 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?