Қызылорда қаласының әкімі Н. Нәлібаевтың Жеңіс күнімен құттықтауы
Қадірлі соғыс және тыл ардагерлері!
Қымбатты ардагерлер!
Сіздерді 9 мамыр - Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – жанқиярлық ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы, еліміздің өркендеуі де осы мерекенің жемісі.
Халқының бейбіт ғұмыры үшін соғыс майданында от кешкендердің ерлігі жадымыздан мәңгі өшпейді. Ұлы Отан соғысындағы әр жауынгердің есімі Қазақстан тарихында, адамзат тарихында мәңгі қалады.
«Отан үшін күрес, елге тиген үлес» дейді дана халқымыз. Отанға деген махаббат, Жеңіске деген құштарлық, достық пен ынтымақ – Ұлы Жеңістің негізі болды.
Сондықтан аға буын жасаған ерліктер мәңгілік өшпейді. Майданда, тылда жанқиярлықпен күреске түскендердің барлығын айрықша құрмет тұтамыз, қаза тапқандардың рухына тағзым етеміз.
Құрметті ағайын!
Біз көз алдымызда қатары сиреп бара жатқан ағаларымызды қандай құрметке де лайықты деп білеміз. Сіздердің ерліктеріңіз бен тылдағы еңбектеріңіз тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.
Осы ұлы күні баршаңызға зор денсаулық, ұзақ өмір, отбасыларыңызға амандық тілеймін!
Ізгі ниетпен,
Қызылорда қаласының әкімі Н.Нәлібаев