Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ІСКЕ ҮЛЕСТЕРІН ҚОСТЫ

Бүгін, А. Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде елімізде төтенше жағдай жариялануына байланысты жалғызбасты аналарға, көп балалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі балаларын тәрбиелеп отырған отбасыларға қиын уақытта көмек қолын созу мақсатында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен бөлімге қарасты «Қалалық мәдениет Үйлері, клубтар және халықтық ұжымдар» МКҚК, «Қалалық тарихи музейі» КММ, «Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» ММ және бөлім қызметкерлерінің өз қаражаттары есебінен 50 (елу) әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек қолын созған қайырымдылық шарасы өтті.

Бұл игі бастамаға ақын, режиссер, сценарист, Қызылорда қаласының құрметті азаматы Оңталап Нұрмаханов арнайы қатысып, сәттілік тіледі.
Жиналған азық-түлікті мәдениет үйі жанынан құрылған «Бірлік» еріктілер тобы  әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың мекен жайларына жеткізіп берді.
#БІЗБІРГЕМІЗ
#ҮЙДЕБОЛЫҢЫЗ
29 сәуір 2020 ж. 940 0

Күнтізбе

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?