КЕМЕЛ САЯСАТ ЕЛ БІРЛІГІН САҚТАЙДЫ
Елде қалыптасқан жағдайға байланысты Республика басшылығы – Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаев тарапынан жедел түрде атқарылған жұмыстарға оң бағасын бере отырып, билік пен халық арасындағы тікелей байланыстың орнатылуы көптеген мәселелердің бет – пердесін ашты, нақты жағдайларға байланысты тиісті шешімдер қабылдауды қажет етті. Боямасыз өмір шындығына қарай батыл қадамдар жасалынуда.
Халықтың үніне әрдайым құлақ асу, уақыт талабына сәйкес шұғыл шешім қабылдау, жергілікті мемлекеттік құрылым өкілдері мен тұрғындар ұсыныстарына ден қою, қарапайым халықтың белсенді іс – әрекеттерін қалыптастыруға Президент тарапынан қолдау көрсетілуі көпшілік қауымның көңілінен шығып отырғанын жасыра алмаймыз. Адам денсаулығын сақтаудан артық қазіргі таңда қандай міндет бар. Төтенше жағдай кезіндегі қойылып отырған талап та осы мақсаттан туындап отыр емес пе.
Тұрғындардың әлеуметтік – тұрмыстық жағдайында күйзеліске ұшырау жағдайына жол бермеу мақсатында көп балалы аналарға, мүгедек жандарға, соғыс және тыл ардагерлеріне, карантин кезінде жұмысын тоқтатқан кіші кәсіпкерлерге, тұрмысы төмен жанұяларға бұрын – соңды болмаған көмектердің көрсетілуі, төтенше жағдай кезіндегі мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмыс ұйымдастырып, қай кезде де халық пікірімен санасып, ортақ пікірге келе білуі, барлық адамдарға бірдей елімізде заң үстемдігін орнату жолындағы әрбір азаматтың, әрбір мемлекеттік қызметтің ортақ міндеті екенін дәлелдегендей болды. Айтылған сөзбен, уәденің орындалуы нақты істермен жалғасын тапқанда ғана бірлік ұғымының шынайы бейнесін елестеткендей боларың сөзсіз.
Сыр бойының ардагерлер қауымдастығы бір - бірінің ынтымағын, сыйластығын қалыптастыра беру, ата – бабалар дәстүріне сай киелі қазақ жерінің тұтастығын сақтау, тілін ардақтау, оны қастерлеу жолындағы сабақтастығын саналы түрде жалғастыра беру біздердің үлкендік парызымыз, әрі қазіргі қазақ қоғамының сұранысы екені даусыз мәселе.
Біз әрқашан Ел президентімен біргеміз.
Қызылорда қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, "Nur Otan" партиясы қалалық филиалы саяси кеңесінің мүшесі С.Әбішев