Нәтиже бере бастауы ел Президенті мен оның командасының пәрмені деп білеміз...

Дауасыз дерттің қарқыны мемлекет тарапынан дер кезінде қабылданған дұрыс шешімдердің арқасында шектен тыс өршімей отыр. Күн санап науқастар саны артқанымен, соңғы күндердегі қауіпті дертпен күресте жеңіп шыққандар туралы жарияланған жақсы жаңалықтар көңіл қуантуда.
Бұл ретте, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Елбасы саясатын лайықты жалғастырып келеді. Мемлекеттік қызметте мол тәжірибесі бар басшы ретінде тәуелсіз Қазақстан тарихында бірінші рет орын алып отырған төтенше жағдай кезінде қабылданған шешімдердің халыққа тиімді болуын басты назарына алды.
Бүгінгі күні карантиндік шектеулердің нәтиже бере бастауы ел Президенті мен оның командасының пәрмені деп білеміз.
Сондықтан, осындай сындарлы сәтте Президент саясатына қолдау білдіріп, карантин уақытындағы талаптарды қатаң ұстанайық.
Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты, қалалық "Нұр Отан" партиясы филиалы депутаттық фракциясының мүшесі Қ.Орынбасарұлы