Президенттің ұстанымы ұлтты ұйымшылдыққа үндейді
Әлемді жайлаған кеселдің елімізде, оның ішінде өңірімізде тіркелгендігі барлығымызды алаңдатуда. Ел Үкіметі төтенше жағдай кезінде үй жағдайында қалуға мәжбүр азаматтарға түрлі деңгейде әлеуметтік көмектер көрсетде.
Бұл ретте, карантин уақытында Мемлекет басшысы тарапынан қабылданған шешімдердің халық үшін тиімді болуына басымдық берілуі – тұрғындар арасында алаңдаушылық туындамауының басты себебі.
Ең бастысы, табыссыз қалған халықтың тұрмыс деңгейі төмендемес үшін әлеуметтік жәрдемақы тағайындалды. Көктемгі дала жұмыстары тоқтамай, мерзімінде қолға алынды. Кәсіпкерлерге жан-жақты мүмкіндіктер жасалуда.
Қарапайым халыққа қолдау көрсетуді басты мақсаты деп білетін Президенттің осы ұстанымы ұлтты ұйымшылдыққа үндеп, жауапкершілікті сезінуіміз қажеттігін көрсетеді. Тиісінше біз де Мемлекет басшысына қолдау көрсетуіміз қажет.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, бұл қиындықты да ел болып еңсеретінімізге сенім мол.
Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты А.Сүйінтаев