Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА ҚАЖЕТТІ ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙ КӨЛЕМІ

Мемлекет басшысы елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және қолданыстағы карантин жағдайында көктемгі егіс жұмыстарын жүргізудің аса маңыздылығын атап өтті. 


Сондықтан, ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін дизель жанармайы литріне 165 теңгеге дейін немесе нарықтық бағадан 15%-ға арзандату тапсырылды, ол үшін 390 мың тоннаға жуық жеңілдетілген жанармай бөлінуде. Оның ішінде Қызылорда қаласына 705 тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді


Дизель отынын арзандатылған баға бойынша сату көктемгі егіс жұмыстарын өткізу кезінде мемлекеттік қолдау шараларының бірі болып табылады. 


Осыған сәйкес, осы іс-шаралар аясында қадағалауды жүзеге асыруға кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топтар мен ауыл шаруашылық тауар өндірушілері (жеңілдетілген сұйық отынды тұтынушалар) лауазымды тұлғалар мен жеңілдетілген сұйық отынды жеткізуші операторлар тарапынан заңсыз әрекеттер және кедергілер орын алған жағдайда прокуратура органдарына жүгіну мүмкіндіктері бар екенін хабарлаймыз.


21 сәуір 2020 ж. 703 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?