ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ІСІНЕ ЕРЕКШЕ КӨҢІЛ БӨЛДІ
Қызылорда қаласының қайырымды, жанашыр азаматтары сын сағатта көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беруде. Қала кәсіпкерлері қиындықта қалған жандармен бірге болып, қайырымдылық ісін жақсы жолға қойған.
Бұл жолы да қала кәсіпкері Дәулет Қайсариев "Біз біргеміз!" акциясы аясында аз қамтылған және көп балалы, ерекше қамқорлықты қажет ететін 200 отбасына азық-түлік үлестірді.
- Мемлекет басшысы төтенше жағдай режиміне орай қанша шаралар жасап жатыр. Еліміздің кәсіпкерлері де қарап қалмай қолдарынан келгенше көмектерін беруде. Менде мекеменің және отбасымның атынан қаладағы аз қамтылған және көп балалы отбасыларға азық-түлік таратып, халықты сабырға шақырғым келеді. Бұл қиыншылықты да артқа тастап, жарқын күндерге бірге жетеміз, - деді "МұнайТехСервизОрда" ЖШС директоры Дәулет Қайсариев.