Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Қалаға қарасты саяжайларға жылжымалы көлікпен көшпелі сауда ұйымдастырылуда

Төтенше жағдай кезеңінде қала төңірегінде орналасқан саяжайларға жылжымалы көлікте көшпелі сауда ұйымдастырылды.
Төтенше жағдай кезеңінде қала аумағында блок-бекеттер орналасуына орай, қалаға қарасты елді-мекен тұрғындарының қалаға кіріп-шығуына шектеу қойылды.
Осы ретте, қала әкімінің тапсырмасымен қаланың шет аймақтарында шоғырланған елді мекендердегі халықтың күнделікті тұтынатын азық-түлік тапшылығын болдырмау мақсатында, "Мирас" және "Анвар" сауда орталығының демеушілігімен арнайы жүк көлігі бөлініп, қала төңірегінде орналасқан саяжайларға («Эделвейс», «Сабалақ», «ПМК-29», «Электромонтажник», Наурыз, Ақсуат, т.б.) нарық бағасынан 5-10% төмен бағада азық-түлік және тұрмысқа қажетті заттармен көшпелі сауда ұйымдастырылды. Жалпы көшпелі саудаға 5 тонна көлемінде сұранысты қажет ететін өнім түрлері (азық-түлік: картоп, пияз, сәбіз, күріш, рожки, сүт, шәй, өсімдік майы; тұрмыстық заттар:сабын, ұнтақ, сіріңке, фейри, шампунь т.б.) сатылымға шығырылды.

"Қазір бекеттерге тосқауыл қойылғандықтан қалаға өте алмай қалдық. Бүгін міне бізге көшпелі сауда келгенін естіп, қажетті заттарымды алып жатырмын. Шімішкі май, картоп, сәбізімді, т.б. алып жатырмын. Енді бізге жиі келіп тұрса екен, бағалары да тиімді"- деді саяжай тұрғыны Айнагүл Оразымбетова.

Бұған қоса, қаладағы 167 дәріханалардың ішінен «Еврофарм» ЖШС жылжымалы дәріхана қызметі қаланың шет аймақтарына шығып өз тауарларын халыққа ұсынуда.
Алмасбек Есмаханов, қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы: "Қазіргі таңда төтенше жағдай режимі кезінде қаланың кіре беріс жерлерінде 5 тосқауыл бекеттері қойылғандықтан, қаланың шеткі елді мекендерін азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында бүгін жылжымалы көлікте көшпелі сауда ұйымдастырып отырмыз. Бұл бірінші кезекте карантин кезінде қауіпсіздікті сақтай отырып, тұрғындар сыртқа бармай-ақ үйінің алдына келіп тұрған жылжымалы көліктен қолжетімді бағада қажетті өнімдерін ала алады. Бұл жұмыстар төтенше жағдай кезеңінде өз жалғасын табатын болады".
16 сәуір 2020 ж. 911 0

Күнтізбе

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?