Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ҚАЛА ӘКІМІ ҚАЛАДАҒЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫН ПЫСЫҚТАДЫ

Бүгін Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қаладағы залалсыздандыру жұмыстарын пысықтады.
Қызылорда қаласында инфекция таралуының алдын алу мақсатында №66597 әскери бөлім қызметкерлері және арнайы мекемелер арқылы бекітілген кестеге сәйкес, бүгінгі күнге дейін жалпы көлемі 713,9 мың шаршы метр болатын 546 аумақты залалсыздандыру жұмыстары күшейтілген режимде жұмыс жасауда. Қаладағы қоғамдық көліктер, аялдамалар, теміржол мен автовокзалдар, ірі кәсіпкерлік нысандар, базарлар және адам көп жүретін көшелер, көпқабатты тұрғын үйлер және олардың аулаларында орналасқан балалар ойын алаңдары, аялдамалар мен қоқыс жәшіктеріне, сондай-ақ әлеуметтік нысандарға залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.
Көшелерге арнайы гипохлорид кальций ерітіндісі қосылған қоспамен, ғимараттарды диохлорид ерітіндісі қосылған қоспамен залалсыздандырылды. Бұл жұмыстар әрі қарай бекітіленген кестеге сай кезең кезегімен толығымен дезинфекцияланады.
Шаһар басшысы бүгінгі қаладағы бірнеше нысандарды қадағалай келе, оның орындалуын тікелей бақылауына алып, тиісті сала басшыларына жұмыстарды одан әрі күшейтілген режиммен жалғастыруды тапсырды.

Бүгінгі дизенфекция жұмыстарымен қала әкімімен бірге облыс әкімінің орынбасары Серік Ахметов те аралап, жұмыстарымен танысты.
Айта кету керек, елімізде орын алып отырған коронавирус іңдетіне байланысты, ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес, ҚР Қорғаныс министрлігіне бағынысты Қызылорда облысында орналасқан әскери бөлімдердің ұйымдастыруымен қала аумағында орналасқан теміржол вокзалы мен автовокзал аумағын 26 наурыздан бастап дезинфекциялау жұмыстары жүргізілген болатын.
14 сәуір 2020 ж. 879 0

Күнтізбе

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?