Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Біз елмен біргеміз.

2020 жылдың 8 сәуірінде төтенше жағдай кезінде еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев "Бірлесе білген ел бәрін жеңеді" атты өз үндеуін жариялады. Күн сайын індеттің тез көбеюі халықты абыржытып отырғаны белгілі. Елбасы өз үндеуінде халықты ауызбірлікке, жауапкершілікке, сабырлыққа шақыра отырып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарсақ, дүниежүзіне таралған індетті бірліктің арқасында жеңіп шығатынымызға сенім білдірді. Ұлы ақын Абай атамыздың "Кімге достығың болса, достық достық шақырады" деген дана қағидасын басшылыққа алып, сенім мен ықпалдас достық, ергелес елдермен ынтымақтастық ұйымдарын құру, дүние жүзі мемлекеттерімен байланысты нығайту мақсатында жасалды. Өмірдің өзі, дәл бүгінгі қалыптасқан жағдай біз ұстанған бірігу мен бірлесуге негізделген саясаттың бірден-бір дұрыс жолы екендігіне көзімізді жеткізіп отыр деді. "Ұлт денсаулығы мен мемлекет қауіпсіздігі – бір-бірімен етене, егіз ұғымдар. Бірде-бір адам, еліміздің ешбір азаматы қамқорлықсыз қалмайды" деді еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев.

– Елбасының бүгінгі әлемдік пандемияға байланысты үндеуі өте маңызды. Елімізде қауіпті дертке төтенше жағдайдың жариялануы маңызды қадам болып отыр. Қазіргі таңда азық түлік пен қажет тауарлар, медициналық заттардың тапшылығына жол бермеу үшін барлық мүмкіндіктер жасалуда. Мен Қызылорда қаласы, Ақсуат ауылдық округі әкімі Ақмырзаев Мәмбетәли ел - жұртымды бірлікке, сабырлыққа, жауапкершілікке шақырып, бұл індеттің тез таралып, елімізде көбейіп жатқандығын хабардар ете отырып, әрбір отбасыға үйден шықпауды қатаң түрде тапсырамын. "Бірлесе көтерген жүк жеңіл" дегендей бірліктің арқасында жеңіске жетеміз деген сенім білдіремін. Өз денсаулықтарыңызды күтіп, COVID-2019 инфекциясының кең көлемде таралуына жол бермеу, вирустан қорғану мақсатында атқарылып отырған жұмыстарға бір кісідей атсалысуға шақырамын.

М. Ақмырзаев, Ақсуат ауылдық округінің әкімі
09 сәуір 2020 ж. 772 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?