Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Ынтымақ болмай іс оңбас

«Ынтымақ болмай іс оңбас!»

Кеше Елбасы, Тұңғыш Президент Н. Назарбаевтың қазақ халқына арнайы үндеуі жарияланды. Мақаламен танысып шықтым. Бұл жолы да Тұңғыш Президент қандай жағдай болмасын, әрдайым халқымен бірге екенін танытып, осындай қиын сәтте ел-жұртты сабырлыққа, шыдамдылыққа шақыра отырып, өзінің тілеулі сөздерін жеткізді.
Әлемге ауыр батпандай батып тұрған індетті тек халқымыздың төзімділігі, ерік-жігері және өзіне деген зор сенімнің арқасында алып шығатынымыз, ол үшін бізге қажетті қаржы-қаражат, материалдық ресурс, техника, азық-түліктің жеткілікті әрі оғана абыржып, алаңдаудың еш себебі жоқ екендігі де мақалада ерекше айтылған.
Сонымен қатар әрбір жан өзінің және отбасының, ата-анасы мен бала-шағасының өміріне, денсаулығына зор жауапкершілікпен қарау керектігі айтылған. Себебі әрбір отбасы – халықтың, ал халық мемлекеттің басты негізі.

Міне, елін сүйген, халқын аялаған, сын сағатта елдің қасынан табылған Ер осындай болмақ. Елбасы мақаласын оқыған әрбір жанның көкейіндегі күдік сейіліп, сенімділігі артады, тек бүгінгі таңдағы жағдайда ғана емес, кез-келген уақытта көңілдеріне медеу болатынына кәміл сенімдімін.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы батыр бабамыз Бауыржан Момышұлының «Тәртіпке бағынған құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деген нақыл сөзімен ұлтымызды ұйымшыл болуға, белгіленген тәртіпті бұзбауға шақырды. Иә, ел тағдыры, халқымыздың амандығы әрқайсымыздың қолымызда. Ендеше, тәртіп сақтайық, мамандардың кеңесіне құлақ түрейік, сабыр мен төзімді серік етейік.

Шырынкүл Абуова, Қызылөзек ауылдық округінің тұрғыны, жеке кәсіпкер
09 сәуір 2020 ж. 675 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?