Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Сабырлық сақтап қиын кезде шыдамдылық таныту – әр азаматтың парасаттылығының нышаны

Еліміздің тұңғыш Президенті «NurOtan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Egemen Qazaqstan» газеті арқылы жасаған үндеуінде дүние жүзіне ауыртпашылық түсірген індетті халқымыздың төзімділігі, ерік-жігері және өзіне деген зор сенімі арқасында жеңіп шығатынымызды айтты.
Әрине сабырлық сақтап қиын кезде шыдамдылық таныту – әр азаматтың парасаттылығының нышаны деп ойлаймын. Тас түнек қап-қара түннің артынан шуағын төккен шұғылалы жарық күннің шығуы қандай заңдылық болса, қиындықтан соңы жақсылықтың болатыны да шындық.
Елбасымыз еліміздің материалдық ресурстары, техникасы мен азық түлігінің жеткілікті екенін баяндады. Халық тұтастағын бұзуға осы орайды пайдаланып іріткі салушылар болатынын айтып олардан сақ болуға шақырды.

Көрші, аспан асты елінің індетті берік тәртіптің арқасында жеңгенін айтып қазақтың батыры Бауыржан Момышұлының «Тәртіпсіз–ел болмайды, тәртіпке бас игенқұл болмайды» деген сөзін негізге ала отырып, қиын кезде сабырлық, түсініктестікпен қарап бүгінгі індеттің алдын алуға қойылып жатқан талаптардың мүлтіксіз орындалуы арқылы жеңетінімізді жеткізуде.
#BIZBIRGEMIZ#
09 сәуір 2020 ж. 1 018 0

Күнтізбе

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?