Коронавирус: БІЗДЕН АЛЫС ДЕМЕҢІЗ...
"Ақмешіт апталығы" газетінің бас редакторының орынбасары
Гүлмира ДІЛДӘБЕКОВА:
Коронавирус: БІЗДЕН АЛЫС ДЕМЕҢІЗ...
Әлемнің қай бұрышында болсаңыз да таңертең ұйқыдан тұра сала телефондағы жаңалықтарға үңілеміз. «Бүгін қанша болыпты?»... Адамзат баласын күн сайын қарайтыны осы мәлімет. Өзге жаңалықтар әлемді құрсаулаған кеселдің көлеңкесінде қалды. Коронавирус жұқтырғандар саны сағат сайын емес, секунд сайын өзгеруде. Қынжылатыны, көрсеткіштің азайғаны емес, көбейе түскені.
Әуелгі кезде бейқам болғанымызды жасырмаймыз. Бейқамдық әлі де бар. Елімізде төтенше жағдай жарияланып, Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында карантин жарияланса да соншалықты селт ете қоймағанымыз да жасырын емес. Бұны тұрғындардың тірлігінен байқауға болады. Тажал ұлтқа, жасқа, бар мен жоққа қарамайтынын біле тұра карантин талабын сақтуға асықпадық. Той-томалаққа, сауық-сайранға шектеу қойды деп ренжідік. Тойды кейінге қалдыру туралы қанша түсіндірме жұмысы жүріп жатса да, той тойлаудан, жасырынып бас қосулар жасау кімді алдау екенін де ұғына қоймадық. Кеселмен күресуді мемлекет шаруасы деп түсініп, «бізге қайдан келсін» деген немқұрайлылықпен той тойлап жүргендер жайында жайттар аз емес. Бір ғана мысал, әлемді алаңдатқан кеселдің өзін сайқымазақ етіп, «коронавирус кет, кет» деп ән салып беташар жасаған той иесі жауапқа тартылғаны жайында жазылды. Бұл бір ғана мысал емес. Ел амандығы үшін сақтық шараларын сақтау маңызды екенін саналы түрде түйсінетін кез келді.
Жексенбідегі (29 наурыз, 2020) жағдайды елге түсіндірген министр Дәурен Абаев мақсат үрей туғызу емес, карантин тәртібін сақтау өте маңызды екенін атап айтты. Министр келтірген дерек мынадай: Нью-Йоркте әр 17 минут сайын бір адам коронавирустан қайтыс болуда. Әлемде аты жаман кеселмен ауырғандардың жалпы саны 600 мыңнан асты. Өлім көрсеткіші
4,6 процент, бұл жоғары көрсеткіш деп есептеледі.
Әлемдегі жағдай бәріміздің көз алдымызда. Тағы бір мысал, Италияда бір күнде 900-ден аса адам қайтыс болған.
Министр келтірген мәліметке сүйенсек, 29 наурызға дейін 124 адам жауапқа тартылған. Атап айтқанда, заңсыз жоғары бағада сатылып жатқан 40 мың маска мен 2000 антисептик табылған. Мұндайда қазақ «жау жағадан алғанда бөрі етектен тартады» демеуші ме еді?! Ал мына бір дерекке күлесіз бе, жылайсыз ба? «DamuMed» порталы арқылы бір тұрғын өзінде коронавирус белгісі бар екенін айтып мәлімет қалдырған. Алайда алып-ұшып жеткен жедел-жәрдем дәрігерлері ешбір ауру белгісін таппаған. Кейіннен анықталғандай, еріккеннің ермегі екен. Қысқасы, өзінше дәрігерлерді бір сынағысы келіпті.
Бүгінгі жағдай бейқамдықты көтермейді. Қазіргі жағдай туралы күн сайын брифинг беріп отырған министр Дәурен Абаев «Вирус таралуын бақылай алмайтындай жағдай туындап отыр» деп хабарлады.
Адам баласы үшін ең қауіпсіз, жанға жайлылық сыйлайтын жер – өзінің үйі. Төтенше жағдай кезінде отбасыңызбен үйде болыңыз!
Мемлекет ешкімді тастамайды
Елге үндеу ретінде төтенше жағдай талабын сақтау маңызды екенін айтқан министр Дәурен Абаев: «Жұмысты, бизнесті, кредитті уайымдамаңыздар. Мемлекет ешкімді тастамайды, көмектеседі. Мүмкіндігі шектеулі жандарға дәрі апаруға, мұқтаж жандарды азық-түлікпен қамтамасыз етуге көмектесеміз» деді.