ВОЛОНТЕР ЖАСТАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ БЕТПЕРДЕЛЕР ТАРАТТЫ

Бүгін волонтер жастар "DALATEX" ЖШС-і демеушілігімен Қызылорда қаласындағы 1 МЫҢНАН АСА қоғамдық көлік жолаушыларына тегін медициналық бетперделер (маска) таратып, әр жолаушыға коронавирус инфекциясын алдын алу жолдары көрсетілген үнпарақтар үлестірді.
"DALATEX" компаниясы қала еріктілерімен бірге күн сайын 1 МЫҢ дана тегін медициналық бетперделер (маска) таратуды қолға алуда.
Елімізде енгізілген төтенше жағдай кезінде ерекше қолдау көрсетіп жүрген "DALATEX" ЖШС-іне барша қызылордалықтардың атынан зор алғысымызды білдіреміз.
Бұған дейін де ВОЛОНТЕРЛЫҚ топ 25 наурыз күні қала орталығындағы базарлар мен сауда орындарында және темір жол вокзалы мен автовокзалда тегін медициналық бетперделер таратқан болатын.
Айта кету керек, ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың 15.03.2020 жылғы «Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы» №285 Жарлығына сәйкес қала әкімі Н.Нәлібаевтың тапсырмасымен құрылған ЖЕДЕЛ ШТАБ жұмысы ағымдағы жылдың 16 наурызынан бастап, қала көлемінде кәсіпкерлік, әлеуметтік нысандарда және тұрғындар мен халық көп шоғырланатын орындарда түсіндірме жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді.
БАРША ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАРДЫ КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫН ТАРАЛУЫН АЛДЫН АЛУДА ЗОР ЖАУАПКЕРШІЛІК ТАНЫТЫП, ЕНГІЗІЛГЕН ШЕКТЕУЛЕРДІ ҚАТАҢ САҚТАУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!
BIZ BIRGEMIZ!
#BIZBIRGEMIZ