ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ВОЛОНТЕР ЖАСТАР ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ БЕТПЕРДЕЛЕР (МАСКА) ТАРАТТЫ
ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ВОЛОНТЕР ЖАСТАР ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ БЕТПЕРДЕЛЕР (МАСКА) ТАРАТТЫ
Баршаңызға белгілі, ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың 15.03.2020 жылғы «Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы» №285 Жарлығына сәйкес, Қызылорда қаласы әкімдігінде «ЖЕДЕЛ ШТАБ» құрылған.
Қала әкімі Н.Нәлібаевтың тапсырмасымен ЖЕДЕЛ ШТАБ жұмысы ағымдағы жылдың 16 наурызынан бастап, қала көлемінде кәсіпкерлік, әлеуметтік нысандарда және тұрғындар мен халық көп шоғырланатын орындарда түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді.
Сонымен бірге, коронавирустың алдын алу, халық арасында сақтық шаралары мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік желілерде, республикалық және жергілікті БАҚ құралдарында ақпараттық материалдар кеңінен таратылуда.
Бүгін, осы жұмыстардың жалғасы ретінде қала әкімінің орынбасары М.Қазбекованың басшылығымен ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ жанынан құрылған ВОЛОНТЕРЛЫҚ топ қала орталығындағы базарлар мен сауда орындарында және темір жол вокзалы мен автовокзалда тегін медициналық бетперделер (маска) таратты. Бұл бетперделерді демеуші ретінде қаладағы "DALATEX" ЖШС-і ұсынған. «Ажар сити» сауда орталығы да өз тұтынушыларына тегін медициналық бетперделер (маска) үлестірді.
Сонымен қатар, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау БАСҚАРМАСЫ санитарлық талаптарды сақтау туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізсе, ҚАЛАЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫ қала көшелері мен халық көп шоғырланатын орындарда арнайы жабдықталған автокөліктегі ДЫБЫС КҮШЕЙТКІШ ҚҰРАЛДАРЫ арқылы қауіпсіздік шараларын сақтау, төтенше жағдай кезіндегі талаптар мен жауапкершіліктер туралы хабарландырулар жасады.
Айта кету керек, қалалық ЖЕДЕЛ ШТАБ 16 наурыздан бастап, көңіл көтеру орындары, мейрамханалар, дәмханалар және өзге де қоғамдық орындарда түнгі рейд жұмыстарын күнделікті жүргізуде.
Бүгінгі күнге дейін, рейд жұмыстарының нәтижесінде ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 476-бабы “Төтенше жағдай режимін бұзу” дерегімен Қызылорда қаласы бойынша 19 хаттама толтырылып, іс СОТҚА жолданды және 14-не қатысты Сот шешімі шығарылды.
Оның, ішінде 12 кафе-ресторан иелеріне 10 АЕК айыппұл салынса, талапқа бағынбаған 1 кәсіпкер 5 ТӘУЛІККЕ, 1 кәсіпкер 7 ТӘУЛІККЕ қамауға алынған.
БАРША ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАРДЫ КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫН ТАРАЛУЫН АЛДЫН АЛУДА ЗОР ЖАУАПКЕРШІЛІК ТАНЫТЫП, ЕНГІЗІЛГЕН ШЕКТЕУЛЕРДІ ҚАТАҢ САҚТАУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!
БҰЛ БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ МІНДЕТ!