Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ҚАЛА ӘКІМІ Н.НӘЛІБАЕВ: "БІЗГЕ ЕҢ МАҢЫЗДЫСЫ - АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫ!"

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға орай Қызылорда қаласында қалалық жедел штаб құрылып, тәулік бойы жұмыс істейді. "Бізге ең бастысы адам денсаулығы маңызды!". Бұл туралы бүгін Қызылорда қаласы әкімінің тікелей тапсырмасымен қала әкімдігінде жедел штаб отырысында айтылды.
Өздеріңізге белгілі, мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 15 наурыздағы "Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы" №285 Жарлығына сәйкес дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында ҚР барлық аумағында 2020 жылдың 16 наурыз сағат 8.00 - 15 сәуір сағат 7.00-ге дейін кезеңінде төтенше жағдай енгізілді.

Осыған орай, денсаулық сақтау, азық-түлік нарығы, сауда орындары, жолаушылар тасымалы, кинотеатрлар, мейрамханалар мен түнгі клубтар және компьютерлік ойын клубтары да жергілікті биліктің жіті назарында.
Төмендегі норманы орындамаған жағдайда әкімшілік айыппұл, сонымен қатар қылмыстық іс қаралатынын ескертетінін, осыған байланысты қала әкімінің тапсырмасына сәйкес жұмыс тобы құрылды. Барлық нысандарды аралап, талаптардың орындалуы бақыланатын болады. Сондай-ақ қала тұрғындарының ресми ақпарттарға назар аударғандары жөн.

Қала әкімінің тапсырмасына орай бүгін қаладағы кәсіп иелерін жинап, түсіндірме жұмыстары жүргізді.
Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Бектас Нұридинов:
- Қала әкімінің тапсырмасына орай қала әкімдігі жедел штаб құрып, өз жұмысын бастап кетті. Медицина саласы мамандарының хабарлауынша, облыста эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Коронавирус жұқтыру деректері тіркелген жоқ. Қала тұрғындарына ақпараттық қолдау көрсету мақсатында республикалық бірыңғай шұғыл желіден бөлек 400001 сенім телефоны жұмыс істеп тұр.
Жалпы Қызылорда қаласы бойынша барлығы 12 базар, 60-тан аса сауда үйлермен 180-ге жуық қоғамдық тамақтану орындары (кафе-бар, мейрамхана, асхана т.б.), 1800-ден аса дүкендер халыққа қызмет көрсетуде.
Мемлекет басшысының бекітілген жарлығына сәйкес төтенше жағдай кезеңінде төмендегідей шаралар мен шектеулердің нұсқаулығы енгізілді:
- Ірі сауда нысандары мен сауда ойын-сауық орталықтарының жұмыс істеуіне шектеу қойылады, олар сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс жасайды. Яғни, азық-түлік дүкендері мен супермаркеттерді қоспағанда;
- Азық-түлік дүкендері, супермаркеттер мен азық-түлік базарлары санитарлық және дезинфекциялық шараларды күшейте отырып, әдеттегі режимде жұмыс істейді;
- Киім-кешек базарлары сағат 11.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс жасайды. Санитарлық және дезинфекциялық шаралар күшейтіледі. Қоғамдық тамақтану орындары мен сауда ойын-сауық орталықтарындағы фуд-корттар дезинфекциядан өтіп тұрады;
- Мектептен тыс қосымша білім беру объектілерінің, яғни оқушылар сарайы, шығармашылық сарайлары, аула клубтары, үйірмелер, секциялар, компьютерлік клубтар қызметі тоқтатылды, сондай-ақ барлық спорт нысандары жабылды;
- Ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, отбасылық салт-дәстүр шараларын өткізуге тыйым салынады;
- Кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және көңіл көтеру орындарының, оның ішінде түнгі клубтар, фитнес орталықтар, жаттығу залдары, бассейндерт және адамдар көп жиналатын басқа да нысандардың қызметі тоқтатылды;
- Мейрамханалардың, дәмханалардың және өзге де қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыты 22.00-ге дейін шектелді, бұл ретте бір жолғы адамдардың саны 50-ге дейін шектеу.
16 наурыз 2020 ж. 1 039 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?