Қала әкімінің орынбасары М.Қазбекова бірқатар денсаулық сақтау нысандарын аралады
Бүгінде Қытайда пайда болып, әлем елдеріне қауіп төндірген коронавирустың Қазақстан аумағына таралуына жол бермеу жөнінде нақты ұйымдастыру шараларын қабылдау туралы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде қарқынды шаралар қолға алынуда.
Осы мақсатта қала әкімінің тікелей тапсырмасымен қала әкімінің орынбасары М.Қазбекова бірқатар денсаулық сақтау нысандарын аралады.
Бірінші кезекте #1 қалалық емхана ғимаратында болып, ішкі және сыртқы санитарлық жағдайын сынға алды. Емханада науқастарға арналған күту залдары лайықты жағдайда жасақталмаған және сыртқы көрінісі мен аула тазалығы көңіл көншітпейді. Қала әкімінің орынбасары мекеме басшылығына жедел түрде аталған кемшіліктерді талапқа сәйкестендіруді және аталған кемшіліктерді жоюды қатаң тапсырды. Бұдан кейін облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында болып, вируспен күресу мақсатында қабылданып жатқан сақтық шаралары, мекеменің қажетті құрылғылармен жабдықталуы, сонымен қатар, барлық арнайы жасақталған бөлмелерді түгел аралап шықты. Аурухана басшылығы, қала әкімінің орынбасарына елде қалыптасқан жағдайға байланысты біздің өңірде жағдайдың қалыпты екендігін және қабылданып жатқан тиісті шаралар туралы баяндады.
Сондай-ақ, М.Қазбекова бірнеше дәріханаларды аралап, медициналық маскалардың жетіспеушілігін жеке зерделеді. Дәріхана сатушыларымен тілдесіп, медициналық маскаларға деген сұранысты қанағаттандыру және оны қажетті көлемде жеткізу қажеттігін айтты.
Соныман қатар, Ақмешіт шағын ауданында орналасқан "EUROPHARMA" дәріханалар желісінде болып еркін сатылымда тұрған медициналық маска сатып алды. Бұл жерде маскалар әр азаматқа 5 данадан артық сатылмайды. Себебі, осы арқылы пайда тапқысы келетіндерге көтерме сауда жасауға мүмкіндік бермеу.
Қала әкімінің орынбасары М.Қазбекова қаладағы денсаулық сақтау саласының қызметі қала әкімінің тікелей бақылауында екендігін және бұл жұмыстар күнделікті жүргізілетіндігін жеткізді.