Арнайы жоба жауапты хатшы тарапынан қолдау тапты

Кеше Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы Құрманғалиева Аида Дәденқызы іс сапармен «Бақытты отбасы» орталығында болды.

Министрліктің өкіліне Орталықтың қызмет бағыты мен даму стратегиясына қатысты жұмыстар баяндалды.


Онымен қоса, «Бақытты отбасы» орталығының қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында қала аумағында «Отбасы. Ана. Әке. Бала» құндылықтарына басты назар аудару арқылы оларды әлеуметтендіру мен кәсіпке бейімдеу шараларын қамтитын арнайы жоба ұсынылып, жауапты хатшы тарапынан қолдау тапты.
